Қоғам • 21 Сәуір, 2020

Дер кезіндегі демеу

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір кімге оңай дейсіз? Көпші­лі­гі табысынан айырылды. Бәрі де отбасын, балаларын асырау үшін табыс тапқысы келеді.

Дер кезіндегі демеу

Біз Құлсары қаласында тұрамыз. Отбасымыздағы төрт баланың екеуі – ересек, екеуі мектепте оқиды. Сер­вис­тік қыз­мет көрсететін отбасылық жеке кәсіп­керлігіміз бар. Оған күйеуім бас­шылық жасап, өзім сонда жұмыс істедім.

Қауіпті індеттің таралуына орай кәсібімізді тоқтатуға тура келді. Шындығында жұмыссыз әрі та­быссыз қалып, не істерімізді біл­медік. Осындай сәтте мемлекеттің біз секілді жандарға қолдау көрсетіп жатқанын естіп, күйеуі­міз екеуміз де 42 500 теңгенің әлеу­мет­тік төле­мін алуға өтініш бердік. Үш күн­нен кейін әрқайсымыздың жеке есеп­шотымызға әлеуметтік төлем қаржысы түсті.

Бұл – жұмыссыз қалғандарға көр­сетілген қаржылай демеу. Мұн­дай көмекті бейресми жұмыс істегендер де, бала күтімімен отыр­ған аналар да, тіпті төтенше жағдай енгізілгенге дейін жұмыс істе­ген студенттер де алуына бо­лады екен. Біздің мемлекеттің қиын кезде ешкімді елеусіз қал­дыр­мағаны қуантады.

 

Ләззат ҚҰЛЫМБАЕВА,

көп балалы ана

 

Атырау облысы,

Жылыой ауданы