Руханият • 21 Сәуір, 2020

Әжептәуір көмек болды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мен өзімді өзім жұмыспен қамтыған адаммын. Қорада азын-аулақ малымыз бар. Бұған дейін соның сүт, май, кілегей, құрт, ірімшігін базарға саудаға шығарып, нәпақамызды айырып жүрген едік.

Әжептәуір көмек болды

Қазір еліміздегі жағдайға байланысты үйде отырғандықтан жұмысым тоқтап тұр. Бұл барша елдің басына түскен қиындық деп ойлаймын. Еліміз осындай сын сәтте халыққа көптеген қолдау шараларын жасағанын байқап отырмыз. «Көппен көрген ұлы той» дегендей, бұл қиын-қыстау кезеңді де еңсеретінімізге сенемін.

Жуырда мемлекеттің 42 500 теңгелік көмегіне қол жеткіздік. Біле білген адамға, мұның өзі әжептәуір жәрдем. Сәл сабыр етсек, тәртіпке бағынсақ, қалыпты тіршілігімізге оралар күн жақын деп ойлаймын.

 

Әсем ТІЛЕУБАЕВА,

көп балалы ана

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы