12 Қыркүйек, 2013

«Инновация» сәнге айналған сөз емес»

426 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

 MG 8948-1Ғылымда да, өндіріс саласында болсын сөздік қорымызға кірген және жиі қолданылатын сөз «инновация» болып тұр. Сәнге айналған осы сөздің адамзат баласына тигізетін шын септігін білетін бірден бір сала болса онда ол – тау-кен өндірісі. Қазіргі таңда табиғат берген ен байлықты баса-көктеп қаза бермей, оны тиімді пайдалану, технологияларды жеңілдіру арқылы жұмысты жеңілдетіп, өндірісте бола беретін қауіп-қатерді азайту әлемдегі барша өндіруші компаниялар үшін өзекті мәселе. Соның ішінде «жасыл» экономика құру ең көкейкесті сауалдар қатарында.

 MG 8948-1

Ғылымда да, өндіріс саласында болсын сөздік қорымызға кірген және жиі қолданылатын сөз «инновация» болып тұр. Сәнге айналған осы сөздің адамзат баласына тигізетін шын септігін білетін бірден бір сала болса онда ол – тау-кен өндірісі. Қазіргі таңда табиғат берген ен байлықты баса-көктеп қаза бермей, оны тиімді пайдалану, технологияларды жеңілдіру арқылы жұмысты жеңілдетіп, өндірісте бола беретін қауіп-қатерді азайту әлемдегі барша өндіруші компаниялар үшін өзекті мәселе. Соның ішінде «жасыл» экономика құру ең көкейкесті сауалдар қатарында.

Ендеше, бұл күндері тау-кен өндірісі саласын зерттейтін алыс-жақын мемлекеттерден келген мамандар мен ға­лымдар Алматыда өткен «Гео­технология-2013: тау-кен өнді­рісінің түйткілді мәселелері мен инновациялық даму жолдары» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында тоқайласты.

Әрине, бұл конференция ұзын-сонар баяндамалар мен ешкімге керегі жоқ есептерден тұратын кезекші жиын емес. Уақытты бағалай білетін іскер орта өкілдері пленарлық отырыстарда болсын және секция­ларда да осы саланың нақты мәселелері, қордаланған сауалдары мен ұсыныстарын жеткізуге, зерттеу нәтижелерін жария етуге мүмкіндік алды.

Егер бүгінгі таңда ауаны лас­тайтын үш сала болса, соның бірі осы – тау-кен өндірісі секторы. Сондықтан қоршаған ортаға кесірін тигізбеуді көздейтін ком­паниялар ғалымдардың осы мәселеге қатысты инновациялық ұсыныстарын қуана қабыл ала­ды. Оның үстіне еліміз тау-кен өндірісі саласына қатыс­ты халықаралық жиынды ұйым­дастырушы ғана емес, үздік ізденістерді қолдаушы мен қол­данушы да екендігін айту ләзім.

Мәселен, осы конференция­ны ұйымдастырушылар бас­тапқыда-ақ екі күндік жиында тұсауы кесілген ең үздік баяндамаларды, инновациялық идеяларды арнаулы дипломмен, бағалы сыйлықтармен атап өтетіндігін мәлімдеген еді.

Осы арада биылғы шараның басты ұйымдастырушысы «Қазақмыс» тобы екендігін айта кетелік. Егер Қазақстан тау-кен өндірісі бойынша әлемдегі үздік ондық қатарына кіретін болса, бұл жерде «Қазақмыстың» атын аттап өте алмайсыз. Дү­ние­­­жүзіндегі мыс өндірудегі көш­басшы компаниялардың қа­тарында жүретін «Қазақмыс» тау-кен өндірісі саласындағы жаңа технологияларды дамытуға да қолдануға мүдделі екендігі аян.

Осыған орай конферен­цияның алғашқы күні «Қазақмыс» тобының басшылығы бүгінде тау-кен өндірісі саласы, со­ның ішінде компанияның өзі үшін де басымдық берілуі тиіс бағыттарды айқындады. Мәселен, қазір «Қазақмыс» тобы үшін Жезқазғанда қалыптасқан геомеханикалық мәселелерді еңсеру қажет. Жылжып кеткен жыныстарды, опырылған аймақтарды өңдеу үшін ең ұсынықты идеялар, жаңа зерттеулер мен көкейге қонатын негіздемелер өте қажет. Осы мәселеде жүргізіліп жатқан зерттеулер мен тұрақсыз ай­мақ­тардағы камерааралық целиктерді қайта игеру техно­логиясын құру қажеттігі көрі­нуде. Қордаланған мәселеде инновациялық технология­ларды айналып өте алмайтынын «Қазақмыс» тобы айқын түйсінеді. Өндірісті сандық технологиялармен қамтамасыз етіп, спутниктік бақылаумен айналысатын, инновациялық жаңалықтарды қолданысқа енгізетін компаниялармен, ға­лымдармен әріптестікке бармай болмайтындығын әлмисақтан білетін компания жетекшілері мысал ретінде Жезқазғандағы бірегей кен орны мен Жомарт кен орны қорларын қосымша өңдеу тәсілдеріне тоқталды.

Бір жағынан ғылыми әлеуе­тімізді бағамдауды мақсат тұтатын халықаралық конференция барысында «Қазақмыстың» тау-кен өңдеу кешенінің бас директоры Бақтияр Қрықпышев:

– Біз компания кәсіп­орын­дарының қызметі барысында туындайтын аса күрделі геотехникалық мәселелерді шешу үшін бар күшімізді салып келеміз. Пайдалы қазбаларды

Соңғы жаңалықтар