12 Қыркүйек, 2013

Бекзат

696 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін

Изображение2-1Облысымызда өткен ғасырдың соңына таман, жаңа ғасырдың басында мәнді мәслихаттарда, келелі кеңестерде, мәртебелі жиын-жиналыстарда, барлық халықтық, елдік шаралардың абыройы да, айбаты да, мәні де, сәні де, беделі де, берекесі де болып ақ дастарқанның төрінде иық тірестіріп, төрт үстелге сыймай, Қызылорданың бар жақсылары, жайсаңдары, саңлақтары, қаймақтары, дана да дара ақсақалдары – сөйлесе бұрынғының билеріндей ауыздары дуалы, сөздері пәтуалы, ұшса сұңқардай, шапса тұлпардай, шөксе нардай болып отырушы еді.

Олар: асқар таудай, кемеңгер, асыл абыз ағаларымыз Исатай Әбдікәрімов пен Тәкей Есетов, төбесімен көкті, табанымен жерді тіреп тұрғандай, аузымен құс ұстаған, халқымызға қайрат та болған, айбат та болған Зейнолла Жарқынбаев, адамдықтың, азаматтықтың, әділдіктің, адалдықтың, тазалықтың, батылдықтың, батырлықтың алмас қылышындай Әмзе Әлжанов, Қонысбек Қазантаев, Ғафур Мұхамеджанов, Жәлел Қизатов, Сүлеймен Қалыбаев, Елеу Көшербаев, мәдениеттіліктің, сыпайылықтың, сырбаздықтың, салауаттылықтың, кісіліктің, кішіліктің, іскерліктің үлгісіндей Көмекбай Қаракөзов, Еламан Жүнісбаев, Омар Әзғожаев, Мәді Кереев, Ержігіт Бозғұлов, тағы да басқа ардақты ардагер-ақсақалдар болатын.

Облысымызда өткен ғасырдың соңына таман, жаңа ғасырдың басында мәнді мәслихаттарда, келелі кеңестерде, мәртебелі жиын-жиналыстарда, барлық халықтық, елдік шаралардың абыройы да, айбаты да, мәні де, сәні де, беделі де, берекесі де болып ақ дастарқанның төрінде иық тірестіріп, төрт үстелге сыймай, Қызылорданың бар жақсылары, жайсаңдары, саңлақтары, қаймақтары, дана да дара ақсақалдары – сөйлесе бұрынғының билеріндей ауыздары дуалы, сөздері пәтуалы, ұшса сұңқардай, шапса тұлпардай, шөксе нардай болып отырушы еді.

Олар: асқар таудай, кемеңгер, асыл абыз ағаларымыз Исатай Әбдікәрімов пен Тәкей Есетов, төбесімен көкті, табанымен жерді тіреп тұрғандай, аузымен құс ұстаған, халқымызға қайрат та болған, айбат та болған Зейнолла Жарқынбаев, адамдықтың, азаматтықтың, әділдіктің, адалдықтың, тазалықтың, батылдықтың, батырлықтың алмас қылышындай Әмзе Әлжанов, Қонысбек Қазантаев, Ғафур Мұхамеджанов, Жәлел Қизатов, Сүлеймен Қалыбаев, Елеу Көшербаев, мәдениеттіліктің, сыпайылықтың, сырбаздықтың, салауаттылықтың, кісіліктің, кішіліктің, іскерліктің үлгісіндей Көмекбай Қаракөзов, Еламан Жүнісбаев, Омар Әзғожаев, Мәді Кереев, Ержігіт Бозғұлов, тағы да басқа ардақты ардагер-ақсақалдар болатын.

Изображение2-1

Олар елдің данасы еді, панасы еді, жағасы еді, орманы еді, қорғаны еді, иесі еді, киесі еді. Өкінішке қарай, бүгінгі күні бас-аяғын қос­қанда бір үстелдің аясына толар-толмас қана сол асылдардың, сол заманның, сол қоғамның ескерт­кішіндей, шырақшысындай, көзіндей, өзін­дей болып олардың замандастары, әріптестері, тағдырластары, мұраттастары қалды.

Уақыт өте келе асқар таулардың да аласаратыны, телегей теңіздердің де тартылатыны, асау өзендердің де жуаситыны сияқты, бүгінде біздің де ортамыз ортайып, тобымыз қораштанып, төріміз төмендеп, төбеміз аласарып қалғандай, үлкендігіміз бен ұлағаттылығымыз, үлгі, өнеге, кісілігіміз кішірейіп бара жатқандай, беделіміз бен берекеміз бірнеше еліге кемігендей болып көрінеді.

Ал бүгінде халық сол абыздарын аңсайды, із­дей­ді, салыстырады, сағынады, амал нешік, арыс­­тардың әрқайсысының орындары ойсырап-ақ қалғандай.

Ал осы асылдардың бірі де, бірегейі де Тәкей Есетов ағамыз болатын.

Тәкең – тегін емес, текті, киелі, жүйелі, аруақты кісі, тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы. Сыйлас едік, сырлас едік, қимас едік, біріміз ұстаз, біріміз шәкірт, біріміз аға, біріміз іні болатынбыз.

Тәкеңнің жүзінен, түрінен, түсінен мейірімді­ліктің, имандылықтың, инабаттылықтың лебі ессе, отырысынан, тұрысынан, жүрісінен, сөзінен, ісінен, бүкіл болмысынан парасаттылықтың, ақсүйектіктің, бекзаттықтың иісі аңқып тұратын.

Бұл бекзаттық қасиет оқумен, үйренумен, тәжі­ри­бемен, бақпен, тақпен, байлықпен келмейді. Атам қазақта тектілік деген киелі сөз бар. Тәкеңнің бек­заттығы осы тектіліктің терең тамырынан нәр ал­ған, сүйегі мен қанына, жанына анасының ақ сүті­­мен, атасының қанымен, ақ батасымен дарыған бекзаттық.

Бұл Тәкеңе тәңірдің арнайы төрелеп берген – тартуы, сыйы, сыбағасы.

Жаратқан Ие м Тәкеңе теңіздей терең ақыл-парасат, білім мен біліктілік, жер мен тау қозғалса да қозғалмайтын сырлы, сырбаз, сабырлы, сас­пайтын, ыза жерді баспайтын сезімталдық, сақтық сергектік, темірқазықтай тұрақтылық пен табандылық, салмақтылық пен салауаттылық, ішкі-сыртқы сұлулық пен мәдениеттілік, саф алтыннан құйылғандай маңыздылық пен маңғаздық, биіктік пен тереңдік, кеңдік пен кемелдік берген. Осының бәрі бір басына көп те еместей, аз да еместей, жарасып, үйлесіп, үндесіп тұрушы еді-ау...

Тәкең ауданы бар, облысы бар, бас-аяғы 27 жыл хатшы болды. Бұл бір адамның саналы ғұмыры емес пе?! Қазақтың «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген қарапайым сөзінің барлық дәрежедегі басшыларға да тікелей қатысы бар. Сондай-ақ, бақ-дәулет бір үйде, бір әулетте, бір ауылда, бір аймақта, бір адамның басында, құт-береке бір отар қойда, бір қойдың басында болады деген тұжырым, ұғым, болжам, әдет-ғұрып та бар.

Осы қазақи қағидалар тұрғысынан қарастырсақ, қай заманда, қай қоғамда болсын кез келген басшы елге, халыққа бақ та, құт та болып келеді, сор да болып келеді. Басшы бақ, құт болып келсе, халық қыдыр келді дейді, ал сор болып келсе, «сұмырай келсе су құриды» дейді.

Тәкең Арал ауданын үшінші, екінші, бірінші хатшы болып, табаны таймай 20 жылдың үстінде басқарғанда ауданның бағы жанып, абыройы мен атағы асқақтап, ырыс-несібесі еселеп өсіп, беделі мен берекесі облысқа, республикаға, Одаққа әйгілі болды. Ауданның экономикасын қарқынды дамытуда, мал шаруашылығын өсіріп-өркендетуде қол жеткізген тамаша табыстары үшін Арал ауданы қатарынан бес рет одақтық социалистік жарыстың жеңімпазы атанды.

Ол Арал ауданын, облысты басқарған кезде елде берекелі тірлік болды, сызат түспеген бірлік болды. Т.Есетов – облыс тарихында өз замандастары арасында жалпы хатшылық қызмет атқарған мерзімі ең ұзақ және республикалық Жоғарғы Кеңеске қатарынан үш рет депутат болып сайланған жалғыз хатшы.

Сыр елінің тарихында облысты басқарған 22 басшының орташа қызмет атқарған мерзімі 3 жыл болса, ал сол орында 6 жылдың үстінде қызмет жасаған Тәкең екеуміз ғана екенбіз.

Тәкеңнің замандастарының, әріптестерінің бәрі де орта мектепті, жоғары оқу орнын сырттай бітірді. Ал Т.Есетов – мәдениеттің, білімнің, ғылым­ның, өнердің ежелгі қара шаңырағы, Ресей мемле­­кетінің темірқазығы бұрынғы Ленинград, қазіргі Санкт-Петербург қаласында жүйелі, тиянақты, тыңғылықты жоғары білім алған жалғыз хатшы.

Тәкең еңбегі жанған бақ қарап, қыдыр дарыған, төбесінде бұлты, жетегінде жолбарысы бар бақытты, аруақты тұлға. Т.Есетов Қазақстан компартиясының ХІІ, ХІІІ, ХІV, ХV, съездеріне, КОКП-ның ХХV, ХХVІ съездеріне делегат болып қатысты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің VІІ, VІІІ, ІХ шақырылымының депутаты болып сайланды.

Майдандағы жауынгерлік ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, бейбіт өмірдегі ерен еңбегі үшін «Қазан төңкерісі», үш мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Тегінде, тектілікті халық та, уақыт та, тарих та, ғылым да, тәжірибе де, өмір де жоққа шығармайды. Ал, Тәкеңнің тектілігінің тамыры терең, бұтағы бүтін, жапырағы жасыл. Ол – 90 түйе сексеуілге күймеген, жанбаған әулие, атақты Қаз дауысты Қазыбек бидің пірі Сейтмамбет бабамыздың тікелей жетінші ұрпағы. «Маған қиянат қылған адам ешуақытта оңған емес» дейтін жарықтық сырласқанымызда. Шындығында да солай болды.

Тәкең адамның, сөздің қадір-қасиетін аса же­тік білетін. Аз сөйлейтін, бірақ саз сөйлейтін. Бек­­зат­тығынан, білгірлігінен, дүлдүлдігінен аз сөй­лей­тін.

Тәкең көпсөзділікті шешендік, діңкілдеуді көсемдік деп білмеді. Сол заманның ұзаққа созылатын жиын-жиналыстарында, отырыстарда Тәкең міз бақпай, тіп-тік, түп-түзу, қозғалыссыз, тек қана кірпік қағып, терең ойдың теңізіне шомылып, бәрін байқап, бәрін бақылап, бәрін бағыттап, тас мүсіндей тапжылмай, қасқайып отырушы еді-ау жарықтық.

Иә,Тәкең зерек, зерделі, ойшыл, ойын ақылға суарған, пайым-парасатқа ат шалдырған, адал­­­дықты, әділдікті ту еткен, имандылыққа, қанағат­­­­қа, шүкіршілікке нар шөктірген, кісілігіне кір түсір­меген, арының, намысының туын жықпаған азамат.

Кейде Алла тағаланың мүмкіншілігінің шек­сіздігіне, мырзалығына, мәрттігіне таңғаласың, біреуге берсе үйіп-төгіп бәрін береді, біреуге түкте бермейді. Неге олай екені ешкімге де белгі­сіз, адамның ақыл-ойына, қиялына симай­тын, тек Аллаға ғана аян құпия. Мысалы: текті­лік, тереңдік, тұрақтылық, табандылық, тегеурін­ділік, талапш ылдық, талғампаздық, төзімділік, тура­шылдық, сияқты Тәкеңе тән қасиеттердің әліппенің әр әрпінен табылары сөзсіз.

Мен 1999 жылы Алматыдан туған жерге, елге зейнеткерлікке шығып, түпкілікті көшіп келдім деп, Тәкеңе сәлем бере барғанымда:

– Қарағым-ай, іргемізге бір ел көшіп келгендей болды ғой, – деген ғибратты сөзі менің есімнен ешуақытта да шықпайды.

Әр кездескеніміз бір ғанибет еді, шын көңілден, ақ пейілден әрдайым айтатын Тәкеңнің «айналайыны» Алланың алғысындай әсер ететін.

Тәкең елді, халықты ашумен, айқаймен, үркі­тіп, қорқытумен, алдап-арбаумен, мазалаумен, жаза­лаумен емес ақылмен басқарды.

Ақылды ең жақын дос, ашуды ең қауіпті қас деп білді.

Кез келген адамды қабағымен ұқтыратын, қабағымен ықтыратын, сұсыменен бұқтыратын. Талай ауыздығымен алысқан аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін асауларыңыз Тәкеңнің алдына барғанда жуасып, жүні жығылып, бетегеден биік, жусаннан аласа бола қалатын.

Бір кезде облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып В.М. Голубенко марқұм келді. Алдынан келгенді тістеп, артынан келгенді теуіп дегендей, жұрттың апшысын қуырып, өзінше тәртіп орнатқысы келген. Біраз уақыт өткесін ол «батырың» «Тәкей Есетұлы, мен сіздің солдатыңызбын, не бұйырасыз, соны орындаймын», деп өз сабасына тез түсе қалды.

Кеңес заманында, қай деңгейде болмасын, көпшілік жағдайда партия, совет басшыларының күндестікпен, теке-тірестікпен, бәсекелестікпен, бақай есеппен жұмыс істеп, мысық пен тышқанның күнін кешкені баршаға аян.

Бұл сол дәуірде қалыптасқан басшылық жүйесінің осал тұстарының бірі еді.

Тәкең болса, мұндай қолайсыз, келеңсіз, ретсіз, жөнсіз, жосықсыз жағдайларға аудан, облыс басқарған кезінде жол берген емес.

Кеңес органдарына партия органдары қалай басшылық жасау керек, олардың қарым-қаты­нас­тары қалай болу керек, жұмыс стильдері мен әдіс­терінің, үлгісі мен өнегесін, жол-жобасын көрсетті.

Арал ауданында Ыдырыс Қалиев, Қозтай Әбуов, Бодаш Уәлиевпен, облыста облыстық кеңес атқару комитетінің төрағалары Шаймерден Бәкі­ровпен, Сағидолла Құбашовпен, Ыдырыс Қали­евпен үндестікпен, үйлесімділікпен, сеніммен, терең түсіністікпен нәтижелі еңбек етті. Олардың бірлігі-елдің, халықтың бірлігі болды, берекелі тірлігі болды.

Тәкеңнің өзінің орны, салмағы, айбаты, абыройы, беделінің үстіне алаштың біртуар ардақты азаматы, Қазақстан Компартиясы Орталық коми­­тетінің бірінші хатшысы, КОКП-ның Саяси бюро мүшесі Дінмұхамед Қонаевтың Тәке­ңе деген ерекше көзқарасы, сенімі мен өзара отба­сы­лық, ағалық, інілік, сыйластығы сол заманда елімізге, халқымызға үлкен қолдау болды, қорған болды.

Алып империяны бір өзі билеп, төстеген құдіретті Л.И.Брежнев біздің Қазақстанның басшысы Д.А.Қонаевты қалай қолдаса, Д.А.Қонаев та Т.Есетовті солай қолдады.

Ал басшының жоғарғы жақтың алдындағы беделі мен берекесі елдің, халықтың бақыты, ырысы-несібесі ғой.

Тәкең әрбір тағдырлы істі, әрбір шешуші қадамды, қаралып отырған мәселенің алды-артын болжамай, мән-жайын, түп-тамырын терең талдамай, дұрыстығына өзінің көзі, көңілі, көкірегі жетпей, шешпейтін, жеңіл-желпі көшпейтін, ағаттыққа, асығыстыққа жол бермейтін, жал­ғандық пен жасандылыққа жаны қас болатын. Сол бір көз бен бір құлағың Мәскеуде, бір көз бен бір құлағың Алматыда болған кездің өзін­де Тәкең, әсіресе, кадр мәселесіне аса жауап­кершілікпен, сезімталдықпен, сергектікпен, сақ­тықпен, қамқорлықпен обал-сау­ап, әділдік, имандылық тұрғысынан қарайтын, ешкімді де өз еркімен жамандыққа жіберген емес.

Алайда, ол заманда бірінші басшының еркінен тыс жағдайлар да болып тұратын.

«Ақылсыз адам ғана армансыз» деген. Тәкеңнің ақылы да, арманы да, өкініші де, «әттеген-айы» да аз болған жоқ. Арман деген сағым, арман деген қиял. Ол адамды кейде жетелейді, кейде желкелейді, кейде жеткізеді, кейде жеткізбейді. Арман сондықтан да арман.

Асылдарды, ардақтыларды арманда қал­дыр­­­маса, бұл өткінші, опасыз, жалған дү­ниенің айызы қанған ба?

Айықпас аурудың атына мінгенің, ажалға мінгенің. Тәкең күтпеген жерден ауыр науқасқа душар болды. Біз Тұрғанбай (Сыр өңірінің бас дәрігері) екеуміз Тәкең ауыра бастағаннан, Алланың аманат еткен жанын Жаратқанға тапсырғанға дейін күн құрғатпай басында, қасында болдық. Барлық жағдай, қамқорлық өз дәрежесінде жасалды, үмітімізді үзбедік, бірге қиналдық, қимадық, өлім түгілі өкпеге де қимайтын асыл аға еді ғой. Әр барған сайын: «Әуелі сенгенім құдай, сосын Тұрғанбай», деуші еді жарықтық үлкен өмірсүйгіштікпен, үлкен сеніммен, үлкен үмітпен. Өкінішке қарай, ауру ды жеңгенмен, ажалды жеңе алмайсың, бәрімізге қадірлі Тәкең 80 жасқа 15 күн қалғанда дүние салды. Менің сонда 80 жастың мерейлі, мәртебелі жас екендігіне, арман жас екен­дігіне, үлкен белес екендігіне көзім әбден жетті.

Қазақтың тағы бір бәйтерегі құлады. Еліміздің төрінен, төбесінен тағы да бір орын босап, ойсырап қалды. Тәкең табиғатында, бүкіл болмысымен босаға үшін емес, төр мен төбе үшін, көсеулік үшін емес, көсемдік үшін, көш бастауға, ел бастауға, сөз бастауға жаралған жан, молынан пішілген, Құдайдың үйе салған бір киелі төбесі еді.

Қорыта айтқанда, оның өзі түгілі көлеңкесіне де сыйлап, сәлем беретін арқалы азамат болатын. Осындай жандармен дүние нұрлы, әлем әдемі, өмір мәнді де сәнді, табиғат та өзінің жарасымды жалғасын тауып жатады.

Тәкеңнің өмірі де, өзі де ел-жұртына өшпес өнеге.

Қазақта: өлі өлік емес, тірі өлік өлік деген сөз бар. Сондықтан мен ендігі сөзімді, сырымды, сынымды, шынымды, мұңымды, ойымды, пікірімді Тәкеңе арнап айтпақпын...

Тәке! Сіз екі мыңжылдықтың, екі ғасырдың, екі қоғамның куәсі болдыңыз, кемелденбеген, кемелденген социалистік қоғамның басты оқиғаларының басынан, қасынан, ортасынан табылдыңыз, капитализмнің де ащы-тұщы дәмін таттыңыз. Сіз замандастарыңыздың әр жүзінен тоқсан сегізінің ғұмырын қиған қанқұйлы соғыстан атамекенге аман оралып, 60 жылға жуық нұрлы шуағы мен жарастығы мол, мақсатты да мағыналы өмір кештіңіз. Бұл – қазіргі бейбітшілік пен аманшылықтағы қазақстандықтардың орта жасы. Ал, сіздің олжа жасыңыз. Осыған да шүкіршілік қылыңыз, Тәке. Өз халқыңызбен бірге бар да боп көрдіңіз, жоқ та боп көрдіңіз, аш та боп көрдіңіз, тоқ та боп көрдіңіз. Бірге жылап, бірге күлдіңіз, аурудың да бір кісідей азабын тарттыңыз.

Халқыңыз сізге риза, сіз де халқыңызға риза болыңыз!

Дүниедегі ең жақсы адам өзіне жаманшылық жасаған адамға жақсылық жасайтын, ал ең жаман адам өзіне жақсылық жасаған адамға жаманшылық жасайтын жан деген өмірлік қасқабас қағида бар.

Сіз жақсы адамсыз, сондықтан бәрін де кешіресіз деп ойлаймын.

Тәке, 1954 жылы республикалық мәртебелі бір жиында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы П.К.Пономаренко. «Қазақ халқының атағы әлемге мәшһүр тарихи тұлғалары геолог-академик Қ.И.Сәтбаев, ғалым-жазушы М.О.Әуезов, ғалым-сазгер А.К.Жұ­ба­нов сияқты аса дарынды перзенттерін және бас­қаларды қамқорлыққа бөлеп, ел кәдесіне жарар ірі жұмыстарға жұмылдырудың орнына, сіздер және Қазақстанның бұрынғы басшылары олардың соңына шам алып түсіп, күн көрсетпей, туған елінен безуге мәжбүр еткенсіздер. Осыдан соң сіздерден қандай жақсылық күтуге болады?» – деген екен.

Сондай-ақ, Ол: «Жамбыл Жабаевтың дүлдүл ақын еместігін әшкерелеуді өтінген адамдар бүгін осы залда отыр, сол жолдастар осы әрекеттерімен күллі қазақ халқының ділі мен рухына, өткен тарихына шабуыл жасап, өзін өзі масқаралағанын қалайша ойламаған? Түсінбеймін, түсінгім де келмейді...», – дегенде залда отырғандар дүркірей қол соғып, қатты қоштапты.

Тәке! «Сырт көз – сыншы» деген ғой, П.К.По­но­маренко дұрыс айтады.

Иә, Абайды сабаған, Алаштың барлық жақсылары мен жайсаңдарын қамаған, зиялы дегендердің өзі бірін-бірі сатқан, Шәкәрімді, Әлиханды, Ахметті, Міржақыпты, Жүсіпбекті, Мағ­жанды, Сәкенді, Бейімбетті, Ілиясты, Сұлтан­­бекті, Сәдуақасты, Тұрарды, Темірбекті, Оразды, ...атқан, Д.Қонаевқа, Ж.Шаяхметовке, Н.Оңдасыновқа, Ж.Тәшеновке опа бермеген бізден шындығында не күтуге болады?

Тәке! Бразилияда бао деген бір халық бар екен, іштерінен шыққан ақылды, талантты, дарынды адамдардай боламыз деп, оларды өлтіріп, миын бөліп жейді екен. Африкада да осындай бір халық бәріміз ақылды боламыз деп, ақылдыларын өлтіріп етін бөліп жейді екен. Бүгінде осы екі халық та азғындап, азып-тозып жер бетінен жоғалуға айналыпты.

Өкінішке қарай, бірінің бірі етін, миын жемегенмен, айналайын біздің қазақ та жақсылардың алдын кесуден, етегінен тартудан, аяғынан шалудан, іштарлықтан, күншілдіктен алдына жан салмайды. Алла қазақты осы Абай атамыз бүкіл өмірінде сынап, жылап өткен жаман қасиеттерден ада еткей.

Тәке, біз қызық халықпыз. Кешегі Колбиннің аласапыран, қазақтың басына әңгіртаяқ ойнаған, алмағайып заманында кейбір зиялы дегендеріміз әдеттегідей зиянды болып шықты. Әдебиетіміздің ақсақалы деп жүрген бір жазушы-драматург Колбинге: «Біз сізді 25 жыл асыға күттік» деп зар илеп, мұңын шақты, құлдық ұрды.

Басқалары да қарап қалмады, жағымпаздар жарысы кеңінен етек алды.

Сол кезде от ауызды, орақ тілді Қалтай Мұхамеджанов: «Мен де Колбиннің жұрт кіріп жатқан жері

Соңғы жаңалықтар