Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Маңғыстауда коронавирус инфекциясы тағы бір адамнан анықталды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстауда коронавирус инфекциясы тағы бір адамнан анықталды

Қауіпті індет Маңғыстау ауданында тіркелді. 36 жастағы әйел адам. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқас Шетпедегі аудандық аурухананың жеке боксына жатқызылды, делінген хабарламада. Науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, тексеріліп жатыр.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Осы күнге дейін облыста 13 адамнан COVID-19 вирусы анықталды: Ақтауда - 5, Жаңаөзенде – 4, Маңғыстау ауданында – 4 адам, оның ішінде, яғни 13 адамның ішінен 2 адам сауығып шыққан.