Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Бір тәулік ішінде 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақта карантин жарияланғалы полиция 3 күн бойы облыс тұрғындарына шектеу тәртібін түсіндіру, төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізді. Үш күн өтті, карантиннің төртінші күнінен бастап тәртіп те, талап та күшейді.

Қостанай облысы: Бір тәулік ішінде 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше бір тәулік ішінде тәртіп сақшылары карантин талаптарын бұзған 40 адамды анықтап, ешбір себепсіз көшеге серуенге шығып кеткен 27 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Сондай-ақ, көпшілік орында бетпердесіз жүрген 13 адам жауапқа тартылды.   Үйінен ешбір растау құжатынсыз көлікке мініп кеткен 1 жүргізушіге де айыппұл салынды. 

Полиция облыс тұрғындарына төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған азаматтар 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салу немесе 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік шара қолданылатынын ескертеді.

 

Қостанай облысы