Әлем • 21 Сәуір, 2020

Қазақстанда өзбек еңбек мигранттарының дипломдары мойындалады

946 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бірқатар мамандықтар бойынша Қазақстан педагогика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша жұмыс істейтін өзбек еңбек мигранттарының дипломдарын таниды. 

Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Өзбекстанмен еңбек мигранттарының құқығын қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заңда қарастырылған» деп хабарлады Өзбекстан Республикасы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда өзбек еңбек мигранттарының дипломдары мойындалады

Бұл құжат екі ел арасындағы мигранттардың құқығын қорғауды реттейді.

Енді Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін өзбек еңбек мигранттары жұмыс кезінде жарақаттар, кәсіптік аурулар және олардың денсаулығына келтірілген басқа да зиян үшін өтемақы алуға үміттене алады.

Сондай-ақ оларға жұмыс кезінде медициналық көмектің тегін мөлшері кепілдендірілген.
Келісім еңбек мигранттарының зейнетақысы мен әлеуметтік қамсыздандырылуын қамтиды. Құжатта Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары үшін бос жұмыс орындары туралы ведомствоаралық ақпарат алмасу қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, мигранттардың құқығын өзара қорғау туралы келісімге екі ел арасында 2019 жылдың 15 сәуірінде Ташкентте қол қойылған.

Құжат Өзбекстанда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына да қатысты.