Олар бұл оқиға жайлы шұғыл хабарлап, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынды өшірудің амалын жасайды.
Полиция қызметкерлері мен сарбаздардың осы жедел де батыл шешімі арқасында өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Үй тұрғындары өздеріне дер кезінде көмекке келген тәртіп сақшылары мен сарбаздарға алғыстарын жаудырды.