Жалпы рейтинг бойынша, жапониялық Рика Кихира 4171 ұпаймен көш бастап тұр. Күншығыс елінің өкілі кейінгі екі жылда төрт құрлық чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алған. Екінші орынды биылғы төрт құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері америкалық Брэди Теннелл иеленді. Оның еншісінде 3133 ұпай бар. Ал үздік үштікті 2020 жылғы Еуропа чемпионатында екінші орын алған ресейлік Анна Щербакова түйіндеп тұр.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардан ең үздік көрсеткіш Элизабет Тұрсынбаеваға тиесілі. 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 1482 ұпаймен 20-орында тұр. Айта кетеу керек, 20 жастағы отандасымыз биыл жарақатына байланысты жарыстарға қатысқан жоқ. Ал биыл бір ғана турнирде бақ сынаған қандасымыз Айза Мамбекова 133-сатыға жайғасқан.
Ерлер арасындағы рейтингте Рахат Бралин 135, Никита Манько 150, Михаил Шайдоров 161-орында тұр.