Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей басшылығымен Шымкент қаласындағы «Ипподром» аумағынан бастап, Бәйдібек би ескерткішіне дейінгі аумақта этно-тарихи тематикалық саябақтың, облыстық мұражай және әдет-ғұрып орталығының эскиздік жобасы әзірленуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Этно-тарихи саябақ аумағында облыс көлемінде орналасқан тарихи маңызы бар кесенелер мен ескерткіштердің шағын макеттері орналастырылатын болады.Ал музей және әдет-ғұрып орталығының құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаражат қарастырылуда. Сонымен бірге, биыл халықтың көзайымына айналатын «Наурыз» алаңында қазақтың салт-дәстүрін бейнелейтін «Көкпаршы», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Бүркітші» сынды сәулеттік - декоративтік элементтер орын алады.
Данияр Түймебай.