Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Түркістан облысында 386 239 азамат 42 500 теңге төлемді алды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 386 239 азамат төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға арналған әлеуметтік 42 500 теңге төлемді алды. Жалпы бүгінгі таңда 522 096 тұрғынның өтініші тіркеліп, 434 598 азаматқа төлем тағайындалып отыр.

Түркістан облысында  386 239 азамат 42 500 теңге төлемді алды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Дәурен Байырбеков мәлімдеді.

Сондай-ақ брифингке қатысқан Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева 42500 теңге төлемді студенттердің де алуына болатынын айта келе, қандай жағдайда берілетінін хабарлады. Бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы әйелдер бала 1 жастан асқаннан кейін ғана 42 500 теңге тағайындалатынын, өтініш беру алдында бірыңғай жиынтық төлем жасау керектігін жеткізді.

Сондай-ақ Ә. Темірбаева 1 сәуірден бастап төтенше жағдай кезінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын алатындардың тізбесі қосымша әлжуаз топқа кіретін санаттағы азаматтармен толықтырылғанын айтты.
Бұл орайда 6 жастан 18 жасқа дейінгі 43 190 балаға 7 213 млн теңге, 94 222 барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 15 736 млн теңге, 23 795 жұмыссыз азаматқа 3 974 млн теңге, мүгедек баланы күтумен айналысатын 13 013 адамға 2 173 млн теңге қаралған. Қазіргі таңда аталған азаматтарға қаражатын аудару арқылы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары басталған.