Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Көмек алып, көңіліміз жайланды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдіктің қызмет­кер­л­ері әуелі жағдайыммен танысып, содан кейін жеке есепшотыма бір айға жететін азық-түлік алуға қажетті ақша аударды.

Көмек алып, көңіліміз жайланды

Мен – алты баланың анасымын. Екі студент оқытып отырмын. Үшеуі мектепте білім алады, ал кенжем биыл алты жас­­қа толды. Өзім төтенше жағ­дай режімі енгізілгенге дейін же­ке кәсіпкерлікпен айналысатын едім. Ұсақ-түйек бұйымдар жа­­­сап, сатамын. Менің ісім темір жол­­мен байланысты. Қазір по­йыз­­­дар қозғалысы тоқ­таған соң, менің де шаруам қаңта­рылып тұр.

Міне, осындай қиын жағдай­да қалғанымда, жергілікті әкім­діктің бізді ұмытпай, көмек қолын созғанына аналық алғы­сымды айтамын!

Айтпақшы мен осының алдында 42 500 теңге әлеуметтік төлемді де алдым. Мемлекет басшысына, Үкіметімізге айтар алғысымыз мол!

 

Алеся АХМЕТЗЯНОВА,

көп балалы ана

 

Қарағанды облысы,

Приозерск қаласы