Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) қазіргі таңда 2021 жылы өтетін дүниежүзілік біріншіліктің уақытын ауыстыру туралы мәселенің күн тәртібінде жоғын ашық айтты. Атап айтқанда, спорттық гимнастикадан әлем біріншілігі 18-24 қазан күндері Данияда өтеді деп жоспарланған. Ал батуттық гимнастика бойынша біріншілік 11-14 қарашада Бакуде өтуі тиіс.
Биылғы додалар кестесіне коронавирус пандемиясына қатысты өзгеріс енгізілген.