Сонымен қатар, Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасының провизорлық бөліміне төрт баласымен бірге 1985 жылы туған әйел түсті. Азаматша Ресейден келген. Шекарада термометриядан өткенде оның қызуы көтеріліп тұрғаны белгілі болған. Осылайша жолаушы әйел бала-шағасымен бірге жедел жәрдеммен Қостанайға жеткізіліп, провизорлық бөлімге жатқызылған. Оның COVID-19 жұқтырғаны бүгін расталды.
Сонымен қатар, Қостанай қаласында тұратын 37 жастағы әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Жалпы 22 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 34-ке жетіп отыр.
Қостанай облысы