Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Маңғыстауда тағы екі адамнан COVID-19 диагнозы анықталды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарламасынан мәлім болды.

Маңғыстауда тағы екі адамнан COVID-19 диагнозы анықталды

Олар 24 және 29 жастағы Ақтау қаласының тұрғындары.

- ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта олар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды, делінген штаб хабарламасында.

Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

22.04.2020 ж. жағдай бойынша Маңғыстау өңірінде 16 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.

 

Маңғыстау облысы