Әлем • 22 Сәуір, 2020

Испанияда ауруханалар жабыла бастады

1127 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Италияда жаңа инфекциялар азайып келе жатыр. Мадридте елорданың ірі көрме орталығында орналасқан далалық аурухананың бір бөлімі жабылды. «Өткен тәулікте Испанияда 399 адам коронавирустың құрбаны болды. Испания  баспасөзінің хабарлауынша, бұл бір айға жуық ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар, инфекциялардың көбеюі жоғары деңгейде қалып отыр: Өткен тәулікте 4200-ден астам адамнан дерт белгісі табылды» деп жазады euronews.com.

Испанияда ауруханалар жабыла бастады

Пандемия басталғалы бері елде жұқтырғандардың жалпы саны 200 мыңнан асты, олардың ішінде 20800-ден астамы қайтыс болды.

Осыған байланысты Мадрид оқшаулау шараларын  ұзартатыны туралы  хабарлады.

Сонымен, бір аптадан кейін 12 жасқа дейінгі балалардың сыртқа шығуына рұқсат беру жоспарланған. Билік жалпы карантинді 9 мамырға дейін ұзартпақшы.

Ауруханаларға қысым айтарлықтай төмендегендіктен, Мадридте ірі көрме орталығында орналасқан далалық аурухананың бір бөлімі жабылды.

Германияда, бір айдан кейін елде шағын дүкендер, велосипедтер, кітапханалар мен архивтер жұмысын бастайды. Ангела Меркель екі апта ішінде шектеулерді тағы бір рет қарауға рұқсат етті. Коронавируспен байланысты жағдайдың даму динамикасы үмітті оята алады, бірақ әзірге шектеулерді алып тастауға болмайды.

Данияда балабақшалар мен бастауыш мектептерде сабақ қайта басталды, ал дүйсенбіден бастап шаштараздар, стоматологтар, жүргізуші мектептер мен сән салондары жұмыс істеп жатыр.

Норвегияда карантин әлсіреп,  балабақшалар  жұмыс істей бастады.

Италияда, Республиканың Азаматтық қорғаныс департаментінің мәліметі бойынша,  Италияда карантин мерзімі 3 мамырда аяқталады.

Ұлыбритания індеттің екінші толқынынан қорқады, сол себепті карантин шараларын жеңілдетуге асықпайды. Оқшаулау тағы бірнеше аптаға созылады. Бұл елде 24 сағат ішінде 449- адам қайтас болды. Бұл алдыңғы күндермен салыстырғанда айтарлықтай аз. Аурудың шыңы өткен болуы мүмкін.

Францияда COVID-19 басталғаннан бері 20 255 адам қаза тапты. Сегіз мыңға жуық адам әлеуметтік және медициналық мекемелерде, соның ішінде қарттар үйінде қайтыс болды. Соңғы 24 сағат ішінде қайтыс болғандар саны 547 адамға артты. Алайда, бүкіл аумақта реанимациядағы науқастар санының азаюы байқалады, 5 683 адам ауыр халде жатыр, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 61 адамға аз. Парижде карантин  11 мамырдан бастап әлсіреуі мүмкін. Бірақ Париждің бұрынғы қалпына оралуы үшін әлі біраз уақыт бар.