Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві космос жайында виртуалды көрме ұсынды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экспозицияға космонавтиканың қалыптасуы мен жұлдызаралық ғарышқа алғашқы ұшулар туралы архив материалдары кірді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві космос жайында виртуалды көрме ұсынды

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жанындағы мемлекеттік архив екі бірдей виртуалды көрме дайындады.

Мемлекеттік архивтің экспонаттары мен суреттерін үйден шықпай-ақ, ұйымның сайтынан көруге болады. «Адам және ғарыш» виртуалды көрмесінде космонавтиканың қалыптасуы, ғарышқа алғашқы ұшулар туралы архив материалдары, 1960 жылғы фотосуреттері бар газет қиындылары көрсетілген.

Материалмен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Бұдан бөлек, мекеме Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай виртуалды көрме дайындауда.