Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Байқоңыр: 33 әкімшілік іс қаралды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолына екі тосқауыл бекетін қойып, қалада карантиндік талаптардың сақталуын қадағалауда. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқоңыр: 33 әкімшілік іс қаралды

Алайда ескертуді елемейтіндер де көбейіп отыр, ғарышкерлер қаласында жүргізілген рейдтер төтенше жағдай талаптарын бұзудың 61 дерегін анықтады.

Соңғы тәулік ішінде 100-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 8 құқық бұзушылық белгілі болған. 

Қазіргі таңда орын алған 61 факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін қалалық сотқа жолданып, 33 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралды, онда 17 адамға айыппұл салынса, 16 тұрғын әкімшілік қамаққа алынған. 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025