Бауыржан Тұрсынұлы 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1985 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Мамандығы – құқықтанушы, заңгер.
Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Ақмола облысының Әділет басқармасында қызмет атқарған. 1999-2002 жылдары Астана қаласының соты, 2002-2006 жылдары Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болған.
2011-2012 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының аппаратында, 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Жоғарғы Сотында жұмыс істеді.