Тасымалдауға рұқсат беретін ешқандай құжаты болмаған. 240 бөтелкенің бірде-біреуінде акциздік марка да болмай шыққан. Сондай-ақ тауарды қайдан, қандай жағдайда сатып алғаны жөнінде қойылған сұрақтарға күдікті жауап бере алмаған. Полицейлер осынша арақтың шығу тегін, сондай-ақ Қазақстан аумағына мемлекеттік сапа бақылауынан өтпеген спирттік ішімдіктің қалай жеткізілгенін анықтайтын болады.
«Қазір акциздік маркасы жоқ болғандықтан алкоголь өнімдері сараптамаға жіберілді. Ал оны тасымалдаған ауыл тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу бойынша материал жиналды»,- деді Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлік Есләмбеков.
Бұған дейін СҚО аумағында осы жылы тәркіленген ащы судың осындай ірі көлемі табылған жоқ еді. Осыған дейін заңсыз айналымнан тек 81 литр спирттік ішімдік тәркіленген.
Солтүстік Қазақстан облысы