Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 2 адам анықталды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 2 адам анықталды

Олар 73 және 21 жастағы Ақтау қаласының тұрғындары. Бірі бүгін КВИ анықталған 24 жастағы жігіттің әжесі, екіншісі қарындасы. Қос науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта олар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды, делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. 22.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде 18 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.

Ақтауда – 10, Жаңаөзенде – 4, Маңғыстау ауданында – 4, жазылып шыққаны - 4.

 

 

Маңғыстау облысы