«Қалалық ауруханада емделушілерді профилактикалық тексеру аясында коронавирустық инфекцияны жұқтырған бір науқас анықталды. Ер кісі практология бөлімінде емделіп жатқан. Қазіргі уақытта тиісті эпидемиялық іс-шаралар жүргізілді. Науқаспен байланысқан барлық адамдарға карантиндік шара қолданылды.
Ер адам жеке үйде тұрады, жұмыс істемейді. Індет ошағына залалсыздандырылды. Науқас Рудный қалалық ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыстырылады», - деп мәлімдеді өңірлік жедел ақпарат шатабы.
Жалпы 23 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 36-ға жетіп отыр.
Қостанай облысы