Қазақстан • 23 Сәуір, 2020

Мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен шаралары уақытша тоқтатылды

371 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың 22 сәуіріне мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен шараларын төтенше жағдай кезеңінде уақытша тоқтату шеңберінде қандай жұмыстардың атқарылғаны туралы хабарлады.

Мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен шаралары уақытша тоқтатылды

Біріншіден, 54,9 салық төлеушіге барлық салықтары бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу 2020 жылғы 15 тамызға дейін тоқтатылды.

Үкіметтің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 15 тамызға дейін жер салығынан босатылған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің, мүлік салығынан босатылған ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің барлық салықтарына өсімпұлдар есептелмейді.

Екіншіден, 34,9 мың салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 158 757 өкімдері кері қайтарылды, 88,2 мың салық төлеушінің мүлікті пайдалануға шектеу қою туралы 200 083 өкімнің күші уақытша тоқтатылды. Үкіметтің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысына сәйкес, микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне, тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдану 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылған болатын.

Үшіншіден, 34,9 мың салық төлеушінің банк шоттары бойынша 301 638 инкассалық өкімдері кері қайтарылды, 13,0 мың салық төлеушінің мүліктеріне жасалған 64 852 тізімі бойынша мүлкін өткізу уақытша тоқтатылды.

Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысына сәйкес, микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, салық және кеден берешегін, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылған еді.

Соңғы жаңалықтар