Шілде айының бел ортасында 31 жасқа толғалы отырған ойыншы өзі мен жұбайы Эмма Рис-Джонстың атынан Уэльстің Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің есепшотына 500 000 фунт көлемінде қаржы аударды. Одан бөлек, айтулы отбасы Мадрид қаласындағы ауруханаларға 440 000 фунт бөлді. Бұл қаражаттың барлығы да коронавирусқа қарсы күреске жұмсалады.
Чемпиондар лигасында төрт рет жеңімпаз атанып, 2016 жылы Еуропа біріншілігінің жартылай финалында өнер көрсеткен Гарет Бэйл мектеп жасындағы махаббаты Эмма Рис-Джонске үйленді. Қазіргі кезде олар үш бала тәрбиелеп отыр.