30 жастағы Ұлыбритания өкілі Тайсон Фьюри, Деонтей Уайлдер, Джаррелл Миллер, Александр Усик, Луис Ортис және Адам Ковнацкиймен жұдырықтасқысы келетінін айтқан еді. Джошуаның бұл сөзіне ең бірінші болып Усик жауап қайтарды. «Мен Джошуамен дәл қазір болса да, кездесуге әзірмін. Алайда 23 мамырда Лондонда Дерек Чисорамен күш сынасуды жоспарлап қойған едік. Сол жекпе-жектен кейін екеуміздің жолығуымызға еш кедергі жоқ деп ойлаймын», - дейді Александр.
Александр Усик жайында айтар болсақ, 33 жастағы Украинаның өкілі 2013 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетуде. Сол аралықта 17 кездесу өткізіп, барлығын өз пайдасына шешті. 13 қарсыласын нокаутпен ұтты. Ол бірінші ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы.