Спорт • 23 Сәуір, 2020

Снукерден әлем чемпионаты кейінге шегерілді

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл осы күндері снукерден Англияның Шеффилд қаласында өтуге тиіс әлем чемпионаты кейінге шегерілді. Енді айтулы жарыстың тұсауы 31 шіледеде кесіледі деп күтілуде. 

Снукерден әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Көпшілік алдында сөз алған осы жарыстың төрағасы Барри Хирн: «Қазір күллі әлем аса бір қиын кезеңді басынан кешіруде. Коронавирус барша жұрттың үрейін алды. Сол індет сейілгеннен кейін біз әлем чемпионатын бастап кетуді құп көріп отырмыз. Спорт арқылы халықтың рухын көтеріп, көңіл-күйлері құлазыған адамдардың бір серпілтікіміз келеді», - деп тіл қатты. 

Тарихқа жүгінсек, сонау 1927 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Әр кездері оның форматы өзгергенімен, жанкүйерлер тарапынан қызығушылық еш кеміген емес. Бұл күндері айтулы доданы теледидар арқылы 500 миллиондай адам тамашалайды екен.