Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Түркістан: Аллеяларда абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында құрылыс, оның ішінде абаттандыру жұмыстары қарқын ала түсуде. Бірқатар нысанды мамырдағы мереке қарсаңында пайдалануға беру көзделіп отыр. Осы орайда қала әкімі Рашид Аюпов құрылысы аяқталып келе жатқан орталық базар бойындағы жер асты өткелі алдынан салынып жатқан аллеяның жұмыс барысын бақылады.

Түркістан: Аллеяларда абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын

Тәуке хан даңғылы мен С.Ерубаев көшесі аралығы демалыс орнына айналады. Жартылай арка, жарты бөлігіне жасыл желек, тротуар, жарықшам, орындықтар мен қоршаулар орнатылған көшенің екі шетінде орналасқан шағын кәсіпкерлік нысандар келбеті бірыңғай үлгіге келтіріледі. Демалыс орнын 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай толықтай аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын теміржол вокзалы алдындағы аллея өзгеше демалыс орны болмақ. Ерекше субұрқақ іске қосылады, төрт арканың жоғарғы жағынан суды бу түрінде шашатын қондырғы қойылған. Келушілер аркадан өткенде қоңырсалқын леп сыйлап, күннің ыстығынан қорғайды. Сондай-ақ жан-жағы түрлі түске еніп, жарықшамдар шамы жағылады. Дегенмен, атқарылған істердің кем-кетіктері де жоқ емес. Қала әкімі қатаң ескерткен бетондардың біркелкі төселмеуін мердігерлер өз есебінен қалыпқа келтіретін болады. Бүгінгі таңда аяқжол тастары төселіп, абаттандырылып жатқан аумақтағы жұмыстарды 1 мамырға дейін аяқтау көзделіп отыр.