Спорт • 23 Сәуір, 2020

ДДҰ УЕФА-ға 2021 жылдың соңына дейін халықаралық турнир өткізбеуді ұсынды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы УЕФА-ны 2021 жылдың соңына дейін халықаралық турнирлерді уақытша тоқтата тұруға шақырды.

ДДҰ УЕФА-ға 2021 жылдың соңына дейін халықаралық турнир өткізбеуді ұсынды

Мамандардың айтуынша, осы шешім арқылы коронавирус індетін тұсаулауға болады. Placar басылымының жазуынша, ДДҰ өкілдері УЕФА басшылығымен онлайн конференция уақытында халықаралық турнирлерді келесі жылдың соңына дейін тоқтата тұру туралы ұсыныс жасаған.

Бірақ УЕФА 21 сәуірде өткізген онлайн жиында өздеріне қарасты барлық федерацияға 2019/2020 жылғы маусымды және кубок бәсекелерін жалғастыруды ұсынған болатын.

.