Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің мәліметінше, қарауылдырық алынған бекіренің салмағы –148 кг. Оны балықшылар 1 наурызда Жайық өзенінен аулаған.
–Жасанды жолмен алынған қарауылдырық «Осетр» аппаратына салынды. Кейін бассаейнде, сонан соң тоғанда жетіледі. Бекіре шабақтарын шілде-тамыз айларында Жайық өзеніне, яғни табиғи ортаға жіберу көзделуде. Ал, бекіре балығы жақын арада Каспий теңізіне жіберіледі, -дейді Сәкен Ділдахмет.
Оның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытына бекіре тұқымдас балықтардың 57 данасы ауланды. Биыл табиғи ортаға бағалы балықтардың 75 млн шабағын, соның ішінде бекіренің 7 млн шабағын жіберу жоспарланып отыр.