Футбол • 24 Сәуір, 2020

Маусым жалғасуы ықтимал

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше УЕФА құрамына мүше елдердің өкілдері, УЕФА президенті Алек­сандер Чеферин мен бас хатшысы Теодор Теодоридис қатысуымен ви­део­конференция форматында жиын өтті.

Маусым жалғасуы ықтимал

Онлайн басқосуға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин қатысты. Форумға қатысушылар COVID-19 індеті аяқталғаннан кейін еуро­палық футбол турнирлерін өткізудің оңтай­лы шешімдерін іздеген екі жұмыс тобының нәтижелерімен танысты.

Ең алдымен кәсіби клубтар мен ұлттық құрамалар арасында өтетін ресми жа­рыс­тар күнтізбесінің әртүрлі нұсқалары қарал­ды. Сонымен қатар маусымдағы ұлттық жоға­ры дивизиондар мен ұлттық кубок ойындарын аяқтауға кеңес берілді. Жоғарыда аталған ішкі чемпионаттардың ойындары өтпеген жағдайда, ұлттық қауымдастықтарға көмек көрсету мақсатында Еурокубок жолдамаларын бөлу мәселесі де реттеледі.

 

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше