Руханият • 24 Сәуір, 2020

Қамқорлық деп осыны айт!

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаһан жұртының үрейін ұшырған қауіпті ін­деттің беті қайтар емес. Оның кесірі көп адам­ның уақытша жұмыс­сыз қалуына әкеліп соқтырды.

 

Қамқорлық деп осыны айт!

Менің де күйеуім «Теңіз» кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істеуші еді. Қазір бұл кен орнынан жұмысшылар тұрғылықты мекенжайына жіберіліп жатыр. Уақытша жұмыссыз қалғандардың арасында күйеуім де бар. Бұл әрине, отбасылық кірістің азаюына ықпал етері даусыз. Оның үстіне өзім жұмыс істемеймін. Отбасымызда мектеп жасындағы төрт ба­ламыз бар. Бастапқыда алаң­дағанымызды жасыра алмаймын. Осындай қиын кезде арқа сүйейтін мемлекетің бол­ғаны қандай жақсы!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың уақытша жұмыссыз қалған жандарды қолдау үшін 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем беруге ұй­ғарым жасағаны қуантты. Бұл көмекті жұмыссыздар да алуына болады екен. Арнайы желі арқылы мен де осы төлемді алуға өтініш бердім. Арада үш-төрт күн өткенде жеке есепшотыма  әлеуметтік төлем қаржысы түсті. Шы­ным­ды айтсам, күйеуім жұ­мыс істеп, табыс тауып жүр­генде әлеуметтік төлем алу­ға жүгінуді ойламаған едім.

Тегінде мұндай қолдау біз секілді жұмыссыз отырған жандардың ел келешегіне деген сенімін орнықтыра түседі. Ал жұмысынан уақытша шет­­теп қалғандар жалақысы сақталатынына қуанып отыр. Біз мұны елдің келешегін ойлаған басшылардың тарапынан жасалған қамқорлық ретінде қабылдап отырмыз.

 

Айнұр ҚАЛАУОВА,

көп балалы ана

 

Атырау облысы,

Жылыой ауданы