Осыдан бірер апта бұрын УЕФА-ның барлық мемлекеттің ұлттық федерацияларына 2019/2020 жылғы доп додасын қалай да аяқтау қажеттігі жөнінде нұсқау бергені мәлім. Соған сәйкес италиялықтар осындай шешім қабылдап отыр. Ал осы елдегі ішкі біріншілік мамырдың соңында немесе маусым айының басында жалғасады деп күтілуде.
Қазіргі кезде А сериясында «Ювентус» пен «Лацио» клубтары үзеңгі қағыстырып келеді. Туриндіктер 26 кездесуден кейін 63 ұпайды қоржынға салса, римдіктердің көш басындағы ұжымнан бір ғана ұпайы кем. Өзге командалардың жағдайы сәл мүшкілдеу. Мәселен, үшінші сатыға жайғасқан «Интер» 25 ойыннан соң 54 ұпай жиды.