– Жаңадан тіркелгендердің үшеуі Қызылорда қаласынан, біреуі Шиелі ауданының Бала би ауылынан. Қызылорда қаласынан тіркелген 2 тұрғын карантиндік бақылауға алынғандардың арасынан анықталды. Шиелі ауданындағы науқас та бұрын індет жұқтырған адаммен байланыста болып, бақылауға алынған, – деді Жақсылық Әбдісәметов.
Бас дәрігер өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 1143 тест сынамасы алынғанын атап өтті. Оның 512-сі теріс мәнді болып шықса, 629-ы әлі тексерілу үстінде.
Жақсылық Әбілқасымұлы өңірде осы уақытқа дейін 2484 медицина қызметкерінен коронавирустық инфекцияға сынама тест алынғанын мәлімдеді. Оның 19-нан ғана қауіпті індет анықталған.
Ал кеше 16 адам ауруынан айығып, үйлеріне қайтты. Жалпы осы уақытқа дейін жазылып шаққандар саны 45-ке жетті.