Тәртіп сақшыларының жедел қимылдауы нәтижесінде автокөліктерге ұрлыққа түсіп жатқан күдікті 25 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен және 188-бабының 3-бөлігінің 3- тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.