Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Атырау: Әкімдіктің Telegram каналын 20 мың адам қолданады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау облысы әкімдігінің Telegram каналы 2017 жылы ашылған.

Атырау: Әкімдіктің Telegram каналын 20 мың адам қолданады

Қазір оны қолданушылар қатары 20 мың адамға жетіп отыр. Бүгінге дейін тұрғындардан 15 мыңға жуық сұрақ түскен. Сондай-ақ, тұрғындар  аптасына 200-ге жуық сұрақ жолдайды.

–Telegram каналы халықтың облыс әкімдігінің өкілдері мен тиісті органдар жетекшілермен тікелей байланыс орнатудың тиімді алаңына айналды. Бұл –әсіресе, әлеуметтік мəселелердің жедел шешілуіне арналған таптырмас құрал, - дейді өңірлік коммуникациялар қызметі талдау бөлімінің басшысы Аяжан Қайдар.

Қазір Атырау қаласы мен аудандар әкімдіктері де Telegram каналынан парақша  ашқан. Мақсат –ауыл тұрғындарының өтінімдеріне дер кезінде жауап беру. Әр ауданның каналын шамамен 3 мыңнан 5 мыңға адам қолданады.