Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Қызылорда: Бір тәулікте 106 құқық бұзушылық анықталды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары үшін тұрғындар мен көлік қозғалысына шектеулер қойылған.

Қызылорда: Бір тәулікте 106 құқық бұзушылық анықталды

Осы қаулыға сәйкес кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 06:00-ға дейін тұрғындардың жүруіне тыйым салынса да 184 адам еш себепсіз  үйлерінен тыс жерде болған.

Рейд барысында қозғалыс кезінде автокөлікке артық жолаушыларды отырғызудың 15 дерегібелгілі болды. Соңғы тәулік ішінде ғана 500-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орны тексеріліп, 106 құқық бұзушылық анықталды.  

Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 542 әкімшілік іс қаралып, 269 тұрғынға айыппұл салынса, 202 адам әкімшілік қамауға алынып, 70 тұрғынға ескерту берілді.