«Бүгінде министрліктің Instagram желісінде «Оқырман кітабы қандай?» атты қазақстандық мәдениет қайраткерлері бастаған және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау көрсеткен әркім өзі оқып жатқан кітаптар, газеттер мен журналдар тізімін ұсынатын челленж көрермендер мен оқырмандардың ризашылығын тапты», деді Ақтоты Райымқұлова.
Оның айтуынша, уақытын тиімді өткізгісі келетіндер мен одан да көп кітап оқығысы келетіндер үшін www.kazneb.kz порталында 24/7 режимінде Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана жұмыс істейді. Ол әрбір қазақстандық үшін жергілікті тұратын жеріне қарамастан қолжетімді.