Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Жеңіс-75: Қызылорда облысының әкімі интерактивті акцияны бастады

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл «Жасампаз жасақ» шарасы виртуалды режимде өтетіндіктен Қызылорда облысы әкімдігі  соғыстың отты жолдарын кешіп өткен ерлер есімін жадымызда тағы бір мәрте жаңғырту үшін интерактивті акцияға қатысуға шақырады.

Жеңіс-75: Қызылорда облысының әкімі интерактивті акцияны бастады

Ол үшін әке-аталарыңыздың, жақындарыңыздың фашизмді жоюға қосқан үлесін әңгімелеп немесе майданнан жіберген хаттарын оқып, бейнеролик түсіресіз.

Акцияны облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бастады.

«Биыл біз Жеңістің 75 жылдығын карантин жағдайында қарсы аламыз. Бірақ, бұл ең сұрапыл соғысты жеңіспен аяқтаған жауынгерлерге құрмет көрсетпеу деген мағынаны білдірмейді. 

1941 жылдың жаз айы. Бұл мезгіл мектеп бітіріп, білім ұясынан енді ғана түлеп ұшқан әкем Науша Әбдіқалықов үшін ең қасіретті кезеңдердің бірі болды. Ол 1942 жылдың наурызында, соғыстың нағыз қызған шағында Қызыл әскер қатарына қосылды. Жауынгерлік жолын гвардиялық 279-шы атқыштар полкінде бастап, Смоленскіден Кёнигсбергке дейінгі сұрапыл соқпақты жүріп өтті. Жауға қарсы топ бастап, қаншама қала, елді мекенді азат етуге атсалысқаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болды. Әкелердің ел үшін жасаған ерлігі – біз үшін үлгі. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес!, – деді Гүлшара Наушақызы өз өз парақшасында жарияланған бейнежазбада.