Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Қазақстанның 450 елді мекені мамыр айының соңына дейін кеңжолақты интернетке қосылады

376 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақтелеком» компаниясы мамыр айының соңына дейін Қазақстанның 450-ден астам ауылдық елді мекенінде кеңжолақты интернет өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның 450 елді мекені мамыр айының соңына дейін кеңжолақты интернетке қосылады

Компания коронавирус індетіне қарамастан, талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салу жоспарлары өз күшінде екенін түсіндірді. Ағымдағы жылы 69 елді мекенде жұмыстар аяқталды, жоба іске қосылғаннан бері интернетке  қосылған ауылдардың саны 373-ке жетті.

Компания еліміздің ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасы қала мен ауыл арасындағы «цифрлы  теңсіздік» мәселесін түбегейлі шешілетінін айтып отыр.

Жобаның техникалық сипаттамалары 14,5 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыстарды салуды қарастырады, олар еліміздің 828 ауылдық елді мекендерінде орнатылады.

Бұл 2 496 мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды (мектептер, ауруханалар, әкімдіктер, мектеп-интернаттар, ұлттық қорғаныс объектілері, полиция, төтенше жағдайлар қызметі және басқалары) кеңжолақты интернетке және деректерді беру құралдарына қосуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жобаны іске асыру деңгейі шамамен 50% жетті.

«Қазақтелеком» АҚ бюджеттік ұйымдарды сату департаментінің директоры Хакім Орынбаев төтенше жағдайға байланысты аяқталған нысандарды жалғау қиындай түскенін айтты.

«Мемлекеттік мекемелерді байланыс қызметтерімен қосу жұмысы бір минутқа да тоқтамайды, өйткені бұл жобаның маңыздылығын бәрі түсінеді. Біз барлық мәселелерді тез шешуге және жобаның уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге тырысамыз », - деді ол.

Компанияның мәліметінше, 2020 жылдың сәуір айының соңына дейін 400-ден астам ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда, ал мамыр айының соңы олардың саны 500 ге дейін көбейеді.

Жалпы, жоба 2020 жылдың соңына дейін 2500-ге жуық мемлекеттік мекемені жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.