Елорда • 24 Сәуір, 2020

«Нұр Әлемде» дәрігерлерді қолдаған жазу пайда болды (видео)

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус жұқтырған пациенттердің өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерге ризашылық білдірген Болашақ энергиясы мұражайы – «Нұр Әлем» Сферасының медиа-қасбетінде «Медициналық қызметкерлер, рақмет сіздерге!» деген жазу пайда болды.

«Нұр Әлемде» дәрігерлерді қолдаған жазу пайда болды (видео)

Медицина қызметкерлері коронавирустық инфекциямен күрестің алдыңғы шебінде ұйқысыз және демалыссыз жұмыс істеп, өз денсаулықтарына қауіп төндіріп, міндеттерін мінсіз орындап, адамдарды құтқаруда. Оларды қолдайтын акциялар мен челлендждер бүкіл әлемде өтіп жатыр. «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы да медицина қызметкерлеріне алғыс білдіріп және пандемия кезінде олардың ауыр да игі жұмыстарын атап өткісі келді.

Қазақ және орыс тілдеріндегі алғыс әр кеш сайын шығады. Сондай-ақ медиа-қасбетте коронавирустық пандемия кезінде азаматтарды үйлерінен шықпауға шақыратын #үйдеболыңыз хэштегі және Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан жалпыұлттық акцияны қолдау мақсатында «Biz Birgemiz!» жазуы көрсетіледі.

Сонымен қатар, мамыр айындағы мерекелер қарсаңында Сфераның медиа-қасбетін Қазақстан халқының бірлігі күнімен және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаулар безендіреді.