Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Жылжымайтын мүлік нарығы «үйден шықпай» мәмілелерді жасауға бейімделіп жатыр

557 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы «үйден шықпай» мәмілелерді жасауға дайын болмай шықты. Енді ғана бейімделіп, ес жиып келе жатыр.  

Жылжымайтын мүлік нарығы «үйден шықпай» мәмілелерді жасауға бейімделіп жатыр

Жылжымайтын мүлік сатып алу-сату мәмілелерін банкке немесе нотариусқа бармай-ақ үйде отырып   жүргізуге мүмкіндік беретін онлайн қызметтер күні бүгінге дейін тәжірибеде болмады. Дамыған елдерде бұл қалыпты жағдай болса да біз дайын болмаппыз.  Себебі әлі де болса сенімсіздік басым. 1990-2000 жылдар арасындағы тұрғын үй нарығындағы солшылдықтың балалық ауруының ызғары әлі күнге дейін басылған жоқ.               

Қазақстанның жылжымайтын мүлік агенттіктері үшін көктем-жаз айларының әр күні  жылға азық болатын. Жыл сайын бұл уақытта ранзакциялар саны еке есе өсіп,  адамдар жиған-тергенін үйге салуға тырысатын. Төтенше жағдай енгізілген соң жұмыс тоқтап қалды. Кеше нарықтың осы сегментіндегі  өзге ойыншылармен бірге онлайн жиын өткізген  Homsters.kz онлайн-сервисінің өкілдері   19 наурыздан бастап сайт трафигі азайып кеткенін айтты. Тек соңғы бір аптада ғана қозғалыс байқалған.  Бұған  банк қызметкерлерінің, құрылыс комманияларының  карантин жағдайына бейімделіп, онлайн режимде қызмет көрсететін технологияларды іске қосқаны себеп болыпты. Қазір банк қана емес, жылжымайтын мүлік нарығы да IT технологияның қанатына ілесіп кетуге асығып отыр.  

Сәуір айының екінші онкүндігінен бастап нарық қайта қалыпқа келуге бағыт алған.  Қазір наурыз айымен салыстырғанда сұраныс 20 пайызға өсіпті.  Nomsters.kz онлайн сервизінің менеджері Зульфия Гетманчук клиенттердің де үйді сайт арқылы іздеп, онлайн арқылы ресімдеуге енді ғана бейімделіп келе жатқанын айтады. «Бұл әлемдік тәжірибе үшін қалыпты жағдай. Ресейде  Санк-Петербугте тұрып, Мәскеуден онлайн сервиз арқылы үй ресімдеу бұрыннан тәжірибеде бар еді.  Біз де осыған бейімделу керектігін талай рет айтқанбыз. Пандемия осы процесті жеделдететін сияқты. Әр құбылыстың өзінің қайыры болады»  дейді ол кешегі өткен онлайн жиында.    Зульфия Гетманчуктың айтуынша, тек банк секторы ғана емес,  құрылыс сегментінің өкілдері де онлайға көшіп, жұмыс кестелеріне өзгерістер енгізе бастаған.  Bazis-A, BI Group, Vek Құрылыс, Kusto Group, Highvill, NAK сияқты ірі құрылыс компаниялары ғаламтор кеңестерін өткізіп, тапсырыс берушілер таңдаған пәтерлерге онлайн бронь жасауды бастап кеткен.  Келісімшарттарды ресімдеуге қатысты біраз операцияларды үйден шықпай-ақ жасауға мүмкіндік бар. Портал наурыз айының соңынан бастап электронды цифрлы қолтаңбаны онлайн режимінде алуға мүмкіндік беретін тетікті іске қосты. Ал сәуір айының ортасынан бастап QR-код арқылы төлем жасауға  болады. Бірақ трафиктің ұлғайып кетуінен мұндай анықтамаларды алу қиындап кетті.  Бірақ бұл да бірер күнде шешілуі тиіс.

BI-Group компаниясының  веб-сайты бойынша   Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент немесе Атырау қалаларынан пәтер таңдай аласыз, түсінбеген сұрақтарыңыздың жауабын да  онлайн-кеңес арқылы алуға мүмкіндік бар. Бұрын тек риэлторлардың меншігінде болған тәуліктік жалға беру мәселесімен енді құрылыс компаниялары да айналыса бастапты.  Мысалы,  BI-Group компаниясының  веб-сайты арқылы көңіліңізден шыққан пәтерді  3-9 күнге брондауға болады, қысқа мерзімді брондау сомасы 35 мың теңгені құрайды. Егер сатып алу туралы шешім қабылданса, клиент жеке веб-параққа өтіп, брондау туралы келісімге қол қойып, 500 мың теңге кепілдік жарнасын төлеп, брондап қоюға мүмкіндік бар.  Бірақ банктегі қолма-қол ақшаны  шектеулерге байланысты қазір  банк картадан  толық төлем жасауда кедергілер бар екен.  «Біз барлық операцияларды, соның ішінде пәтер сатып алуға ақша аударуды онлайн режимінде жүргізуге дайынбыз. Алайда, карт-шоттан ақша аудару кезінде банктер тарапынан шектеулер бар. Оны да қалыпқа келтіруге болады. Бірақ клиенттер онлайн төлемдер арқылы келісімшарт жасауға қорқады»,  дейді құрылыс компаниясының өкілдері.

Қазір құрылыс компанияларының веб-сайттарында тұрғын үйді брондаудан басқа онлайн режимінде сіздің пәтеріңіз бар үйдің құрылысының барысын қадағалауға мүмкіндіктер бар екен. Қазір карантинге байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Сарапшылар карантин тұрғын үй секторындағы бұрын назар аударылмай келген кемшіліктердің бетін ашқанын айтып отыр. Мысалы, дайын үйлерге жасалған келісімшарттарды тіркеу жағында кедергі көп.  Кәмелетке толмаған меншік иелерінің келісімін алу  үшін, құжаттарды куәландыру және мәмілені тіркеу үшін нотариусқа жүгіну қажет.  Әділет департаменті нотариустардың қызметін тоқтатқаннан кейін бұл  жұмыс тоқтап қалыпты.  Қазақстанда жылжымайтын мүлікпен мәмілені қашықтықтан куәландыруға мүмкіндік беретін электрондық нотариус бізде тәжірибеде болмаған жай екен. 2020 жылдың   25 наурыздан бастап ХҚКО жабылғаннан кейін халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелген бірде-бір транзакциялар тіркелмеген.

Қазақстандағы Риэлторлар  қауымдастығының президенті Лариса Степаненко бұл мәселе де алдағы уақытта мемлекеттік деңгейде реттелуі қажет екенін жиналғандардың қаперіне салып өтті. Себебі карантиннен кейін экономиканың барлық сегменті бұрынғыдай болмайтынын, цифрлы технологияның дегеніне бағынатынын ішкі нарық мойындай бастады. Дайындықты бүгіннен бастамасақ, ертең кеш болары сөзсіз. Себебі ЕАЭО елдерінің қаржы институттары, банктерінің Қазақстанға келуін төтенше жағдай тоқтатып тастады. Күні ертең, олар ақпаратты технологияның соңғы мүмкіндігімен қаруланып, есіктен төрге озса, тұрғын үй нарығындағы онлайн сервиз қызметтерінің барлық түрі сол жаққа қарап, ойысуы әбден мүмкін.    Қазір тұрғын үй секторының қайталама нарығындағы келісімшарттардың бәрі  осы мәселелерге байланысты тоқтап, карантиннен кейінгі уақытқа қалдырылған.

Карантиндегі ипотеке да жаңа жағдайға бейміделіп үлгіргенін осы жиында байқадық. Құрылыс-ипотека нарығындағы   ең ірі ойыншы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» төтенше жағдай кезіндегі онлайн-сервистерді енгізуді жеделдетіпті.  Бірақ әзірге көрсетілетін  қызмет түрі   жаңға шоттарды ашу, салымшының деректері мен келісімшарттарындағы өзгерістерді қайта тіркеу немесе шоттар арасындағы ақша аударымдарымен шектеліп тұр. Банктің келісімін алған займдар Алматы мен  Нұр-Сұлтан қалаларында тек алдын ала тіркелу арқылы ғана беріліп жатыр.   «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» Басқарма төрағасы Ләззат Ибраигимова бірінше кезекте төтенше жағдай жарияланған уақытқа дейін несие алуға өтініш беріп, сату-сатып алу туралы келісімшарт жасап үлгірген клиенттерге басымдық берілетінін айтты. Қолда бар деректер олардың санын 35 клиентпен шектеп тұр.  Алдағы уақытта сол клиенттермен жасаған келісімшарттарға нүкте қойылса, олар  меншік иесі атанады. 

«7-20-25», «Баспана Хит», «Орда» ипотекалық бағдарламалар бойынша несие беру әзірге тоқтап тұр. Себебі бағдарлама бойынша несие беретін банк серіктестерде қажетті онлайн қызметі әзірге іске қосылмаған.  15 сәуірде Ресейде алғашқы онлайн-ипотекалық мәміле жасалғанын, сатып алушы жаңа ғимараттан пәтер сатып алғанынан БАҚ арқылы құлағдар болдық. Ресей қаржы институттары бұл жаңалықты іліп алып кеткенін біліп отырмыз.   Демек, бұл мәселе де алдағы бірер күнде шешімін тауып қалуы әбден мүмкін. Төтенше жағдай жылжымайтын мүлік нарығын қабырғаға тіреп қойғандай жағдайда қалдырды: Ептілері бірден ес жиып, тығырықтан жол іздеп, жағдайға бейімделуге тырысып  жатыр. 

Nomsters.kz онлайн сервизінің менеджері менеджері Зүлфия Гетманчук нарықтың бейімделуіне клиенттердің психологиялық жағынан дайын болмауы да кедергі келтіріп жатқанын айтты. Нарық асықса да, клиент асығар емес.    Бізде онлайн нарығы бұрыннан болған. Мысалы ОЛХ арқылы саудаға салынған бұйымдардың ең қымбаты 1-2 млн теңге. Ал құны 100 – 200 млн теңгеден асып кететін тұрғын үйді интернет, онлайн режімде сатып алуға психологиялық жағынан дайын болмай шықты. «Алданып қаламын ба» деген қорқыныш басым. Себебі осыған дейін осы нарықта алаяқтық әрекеттер көп болды.  «Клиент келісімшартқа қол қоймастан пәтерге барып, бәрін өз көзімен көруге тырысады. Жаңа көршілерінің кім екенін білгісі келеді. Бәрі ойынан шықса ғана келісімшартқа қол қояды. Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Тіпті ұсынылған пәтерді бейне форматта көрсетсе де сенбейді» дейді  Зүлфия Гетманчук.  

 Транзакцияларды қайта бастау үшін қазақстандықтар кем дегенде тағы бір апта күтуі керек. Алматы мен Нұр-Сұлтан нотариустары 20 сәуірден бастап жұмысқа қайта кіріскенімен, жылжымайтын мүлікпен мәмілелер 27 сәуірден бастап қайта басталады деп жоспарлануда.