Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: 11 500 масканы Ресейге асырмақ болған

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 сәуірде экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері мен «Қайрақ-авто» шекаларық бақылау бекетінің жасағы Алматыдан Екатеринбургке кетіп бара жатқан жүк көлігінен 11 500 медициналық маска тауып алды. Жасырын жүктің сыртқы қорабына «Халық тұтынатын тауарлар» деген белгі соғылған.

Қостанай облысы: 11 500 масканы Ресейге асырмақ болған

Аталған факті бойынша 1966 жылы туылған Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп мәлімдеді экономикалық тергеу департаментінінің баспасөз қызметі.

Тәркіленіп алынған медициналық маска түгелдей Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.

 

 

Қостанай облысы