Спорт • 24 Сәуір, 2020

Шайбалы хоккей: Қазақстан әлемдік рейтингте жоғарылады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2020 жылғы әлемдік рейтингті жариялады. Жыл сайын түзілетін рейтингте әлем чемпионаттары мен Олимпия ойындарына іріктеу турнирлерінің нәтижелері есепке алынады. Сондай-ақ бұл рейтинг 2022 жылғы Олимпиаданың жеребесін анықтауға көмектеседі деп хабарлайды Olympic.kz.

Шайбалы хоккей: Қазақстан әлемдік рейтингте жоғарылады

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы рейтингте Қазақстан құрамасы үш сатыға жоғарылап, 16-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама еншісінде 2420 ұпай бар. Өкінішке қарай, біздің құрама ақпан айында елімізде өткен 2022 жылғы Олимпия ойындарына жолдама беретін турнирде Польшадан жеңіліп, жолдамадан қағылған-ды.

Ерлер арасындағы рейтингте Канада көш бастап тұр. Екінші орында Ресей, үшінші орында Финляндия құрамалары орналасқан. Ал Қазақстан әйелдер командасы екі сатыға төмендеп, 21-орынға сырғыған. Айта кетелік, коронавирус індетіне байланысты хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Осыған орай, рейтингте айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.