Өңір басшысы әйгілі спортшының қолы жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, жерлестері оны әрдайым мақтаныш тұтатынын атап өтті. Қазіргідей карантин жағдайында зілтеміршінің жастарға мол үлгі-өнеге көрсете алатынын жеткізді. Мысал ретінде, онлайн жаттығулар жасап, жастардың спортқа деген ынта-жігерін арттыруға болатынын айтты.
–Сыр елінен өзіңдей спортшылардың шыққанын мақтан тұтамыз. Жас спортшылар үшін үлгі тұтар тұлғасыз. Аймаққа сіздің қолдауыңыз қажет. Ізіңізден еріп келе жатқан жастарға шеберлік пен білім-біліктілігіңізді үйретесіз деп сенемін. Қазір коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Қатерлі індетті жеңіп шыққан соң, аймақ дамуы үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз керек, - деді Гүлшара Наушақызы.
Спортшы облыс басшысының жылы лебізіне ризашылық білдіріп, өзінің алдағы жоспарлары жайлы айтып өтті.