Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Екібастұз қаласының 10 тұрғынынан COVID-19 табылды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адамның 10-ы – Екібастұз қаласының тұрғындары.

Екібастұз қаласының 10 тұрғынынан COVID-19 табылды

Екібастұз қаласында вирус жұқтырғандар 1998 жылғы қыз және 1969, 1970, 1972, 1973, 1980, 1983, 1991, 1996 жылдары дүниеге келген сегіз ер адам мен кәмелет жасына толмаған 2008 жылғы қыз бала. 

Сондай-ақ коронавирус инфекциясын Павлодар қаласының екі тұрғыны жұқтырған, олар — 1980 жылғы ер адам, 1966 жылы туылған әйел адам. 

12 адамның ішінде 11-і короновирус инфекциясын жұқтырған адаммен ықтимал қарым-қатынаста болса, біреуі жақын қарым-қатынаста болған.

Барлық жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау жұмысы жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 88 адам тіркелген.

 

Соңғы жаңалықтар