Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Қызылорда: Бір тәулікте 9 адам індет жұқтырды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 170 адамға жетті.

Қызылорда: Бір тәулікте 9 адам індет жұқтырды

Соңғы тәулікте жаңадан 9 жағдай анықталып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов  жаңадан тіркелген науқастар туралы  айтып берді.

Олардың бесеуі Қызылорда қаласынан, төртеуі Шиелі ауданынан шығып отыр. Облыс орталығында анықталған тұрғындардың барлығы алдында науқастармен жақын қарым-қатынаста болып, карантиндік бақылауға алынғандар. Шиелі ауданында осы індетке шалдыққан 4 науқастың үшеуі осындай карантиндік бақылауға алынғандар арасынан шығып отыр. Ал біреуі Ресейден келген студенттен анықталды. Бүгінде аталған науқастардың барлығы облыстағы инфекциялық ауруханаларға ауыстырылып, тиісті емдерін бастады, – деді Жақсылық Әбдісәметов.

Жақсылық Әбілқасымұлы өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 694 тест сынамасы  алынғанын айтып өтті. Оның 509-і теріс мәнді болып шықса, 176-і әлі тексерілуде.   

Сондай-ақ, басқарма басшысы соңғы уақыттары вирустың  отбасылық және туыстық байланыс арқылы жұғу көрсеткіштерінің саны артқанын атап өтті. Мысалы, Қызылорда қаласында індет жұқтырған 5 тұрғын  бір отбасының адамдары.  

 

Қызылорда облысы