Келісімнің 2-бабына сәйкес, бір тарап мемлекетінің жарамды дипломатиялық, арнайы және қызметтік паспорттарының иелері екінші тарап мемлекетінің аумағына кірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге визасыз кіре алады, одан шыға алады, транзитпен өтуге және онда болуға құқылы.
«Осы Келісімнің күшіне енуі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың даму тарихындағы маңызды оқиға болып табылады, сондай-ақ өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін қосымша ынта береді» делінген хабарламада.