Бизнес • 25 Сәуір, 2020

Кәсіпкерлер елордада кейбір кәсіпорындардың жұмысын жандандыруды ұсынды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бизнес, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және банк өкілдерімен онлайн-конференция өткізді.

Кәсіпкерлер елордада кейбір кәсіпорындардың жұмысын жандандыруды ұсынды

Ашық диалог барысында кәсіпкерлер кәсіпорындардың жұмысын біртіндеп қалпына келтіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Мәселен, тұрмыстық техниканы сататын дүкендерді ашу туралы ұсыныс айтылды. Тұрғындарда тоңазытқыш, салқындатқыш, плита және өзге де техникаларды сатып алу қажеттілігі туындап отыр.

Сонымен бірге арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарын барынша онлайн режимге бейімдеп ашу ұсынылды.

Онлайн-конференцияға қатысушылар онлайн-сервистерді дамыту мен мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа барынша көшіру қажеттігін атап өтті. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ұсыныстар ескерілетіндігін айтты.

Кәсіпкерлердің ұсыныстары Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланады.