Antikor.Live жобасы аясында өткен қабылдауда азаматтардан Елбасы мен Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы тапсырмаларының орындалу барысы, аймақ экологиясы, ауылшаруашылық саласындағы кәсіпкерлікке қатысты сұрақтар жиі қойылды.
Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті лауазым иелеріне пайдалы қазбаларды өндіретін аудандарда қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін жақсарту мен басқа да бағыттағы жұмыстарды ширату жөнінде тапсырма берілді.
Агенттікте жұртшылықпен тікелей және кері байланыс үшін Call-орталық тұрақты жұмыс істейді. Бұл ашықтық қағидатын жүзеге асырып, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимылға жұмылдыруға көп септігін тигізуде.