Оның тоғызы – (1996, 1992, 1983, 1992, 1993, 1980, 1979, 1970, 1960 жылдары туған) ер адам, біреуі – 1989 жылғы әйел. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандықтан, бұған дейін карантиндік стационарға жатқызылған.
– Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде, -деп хабарлады жедел штабтан.
Бүгінгі, 25 сәуірдегі таңертеңгі жағдай бойынша Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 98 адам тіркелген. Жазылып шыққандар – 35 адам.